Маңыздылығын түсіндік, енді, қалай айқындалатынын ұғынсақ.
Бұл үшін көруге және ғашық болуға болады. Әрбірін зерттеуге және таңдауға болады.
Сіз де ғашық болыңыз немесе стилді зертеңіз, ол туралы біз айтып береміз, қалғанын өзіңіз шешіңіз.
Стиль Хюгге деп аталады.
Бұл стиль Сізге тыныштық пен байсалдылық сыйлайды – бұл қазіргі заманда бізге жетіспейтін нәрсенің өзі. Келісесіз бе?!
Терезеден тамшылар ұрып тұр, ал, Сіз, бір кесе шаймен және кітабыңызбен сүйікті орындығыңызға жайғасқаныңызды елестетіп көріңіз.
Хюгге стилінің айрықша белгілері мыналар болып табылады:
- Қабырғалардың тек ашық түстері. Ақтан өзге, мұның бәрі қоңыр-сарғыш, ақсары және ақ түстердің жұмсақ реңктері. Неғұрлым қанық акценттер ретінде классикалық палитраның: қызыл, сары, жасыл, қызғылт-сары, алқызыл сияқты табиғи түстері пайдаланылады.
- Ағаш пен табиғи матадан жасалған жиһаз
- Дизайнның бәрінде қарапайымдылық, минимализм және функионалдылық байқалады
- Перденің орнына жиі пердеше қолданылады
- Жапқыш пен жастық түріндегі жарқын тоқыма акценттері, сондай-ақ, кілемдер пайдаланылуы мүмкін
- Еденнің классикалық нұсқасы - паркет, бірақ, қазір, ол ағаш сияқты керамогранитке ауыстырылуы мүмкін
- Декор ретінде кариналар мен еденде тіке тұрған гүл вазалары пайдаланылуы мүмкін.
Ал Сіз Хюггемен бірге өз ыңғайлылығыңыз бен жайлылығыңызды жасауға дайынсыз ба?
San Marito – Сіз үшін жасалған